Astanaopen фестивалі

Бұл шахматшылар үшін шын мәнінде үлкен оқиға және мереке. Елордаға көршілес елдерден қатысушылар, шеберлер мен гроссмейстерлер келіп, шахмат тақталарында бақ сынауда.

Шахматтан Қазақстан Республикасының балалар кубогы әдетте екі турнирге бөлінеді: Open U10 (10 жасқа дейін) және Open U14 (14 жасқа дейін).

Сонымен қатар ересектер арасында «Astana Open A» (Қазақстан Республикасы Кубогының I кезеңі) және «Astana Open B» турнирлері басталады.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Фестивальге қатысушылардың барлығына ойын ойнауға қолайлы жағдайлар жасалған. Шахматшылардың арнайы талдау бөлмесінде ойналған ойындарды талдау мүмкіндігі бар. Барлық турнирлердің ойындары аяқталғаннан кейін бірден дерекқорға енгізіледі және ойыншылар қарсыластарына дайындала алатындай етіп әлеуметтік желілерде орналастырылады. Open A турнирінің жоғарғы тақталары әлемнің барлық онлайн шахмат платформаларында таратылады, бұл біздің турнирді ресми түрде халықаралық деп атауға құқық береді.

Соңғы 5 жылда жүлде қоры шамамен 35 миллион теңгені құрайтын 10-нан астам турнир, сондай-ақ 5 халықаралық жарыс өткізілді.

Фестивальдің жүлде қоры 2019 жылы 8,5 миллион теңгені, 2021 жылы 2,65 миллион теңгені құрады.